БЕІТІЛДІ:
«Қарағанды Төрелік Сот» ЖШС
Қатысушылары жиналысының хаттамасымен
« _____» ______ 2017ж.
М.О.
РЕГЛАМЕНТ
Тұрақты әрекет ететін Қарағанды Төрелік Соты
МАЗМҰНЫ:
Жалпы ережелер
1-бап. Қарағанды Төрелік Сотының құзыреті
2-бап. Осы Регламентте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
3-бап. Төрелік талқылау принциптері
4-бап. Төрелікке рұқсат беруге дауды тапсыру туралы келісім (Төрелік келісім)
5-бап. Осы Регламентке сүйену құқығынан бас тарту
6-бап. Төрелік талқылау тілі
7-бап. Істің қаралу мерзімі
8-бап. Құжаттарды ұсыну тәртібі
9-бап. Құжаттарды жолдау және қолға тапсыру
10-бап. Мерзімдерді есептеу. Төрелік істерді сақтау
11-бап. Төреліктің құрылымы. Төреліктің орналасқан жері
12-бап. Құпиялылық
Төрелік өндіріс
13-бап. Талап арызды тіркеу
14-бап. Талап арыздың мазмұны
15-бап. Талап арызға қоса ұсынылатын құжаттар
16-бап. Талаптың құны
17-бап. Төрелік талқылау бойынша шығындар
18-бап. Талап арызды қайтарып алу
19-бап. Талап арызды іс-қимылсыз қалдыру
20-бап. Іс бойынша өндірісті қозғау
21-бап. Қарсы талап ұсыну және қарсы талаптарды есепке алу
22-бап. Төреші
23-бап. Төреліктің құрамын қалыптастыру
24-бап. Сот отырысы туралы тараптарға хабарлау
25-бап. Қамтамасыз етілмелі шаралар және дәлелдерді алу
26-бап. Құжаттарды ұсынбау немесе тараптардың келмеуі
27-бап. Тараптардың жазбаша хабарламалар алуы
28-бап. Тараптардың құқықтары
29-бап. Тәртіпті қамтамасыз ету
30-бап. Төрешіге, сарапшыға және аудармашыға наразылық білдіру
31-бап. Төрешінің өкілеттіктерінің тоқтатылуы
32-бап. Төреліктің құрамындағы өзгерістер
33-бап. Куәлар
34-бап. Сараптаманы тағайындау және жүргізу
35-бап. Төрелік талқылауды кейінге қалдыру және тоқтату
36-бап. Медиация тәртібінде бітімгершілік келісім және дауды реттеу
37-бап. Төрелік талқылауды тоқтату
Төреліктің шешімі
38-бап. Төрелік шешімнің нысаны мен мазмұны
39-бап. Төрелік шешімді түзету және түсіндіру.
Қосымша төрелік шешім.
40-бап. Қайта пайда болған жағдайлар бойынша төрелік шешімді қайта қарау
41-бап. Шешімнің орындаулы
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Қарағанды Төрелік Сотының құзыреті
1.1 «Қарағанды Төрелік Соты» (әрі қарай мәтін бойынша – Төрелік) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Төрелік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Азаматтық және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне, осы Регламентке және Қазақстан Республикасының қолданыстағы басқа нормаларына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы бекіткен Халықаралық шарттарға сәйкес, заңды және (немесе) жеке тұлғалардың қатысуымен азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын ішкі және халықаралық дауларды шешетін тәуелсіз, тұрақты әрекет ететін төрелік болып табылады.
1.2 Қолданылатын құқық Қазақстан Республикасының заңнамасы болып табылады. Сонымен бірге, Төрелік халықаралық құқық нормалары бойынша, сонымен қатар кез келген мемлекеттің құқығы бойынша (Тараптардың келісімі бойынша) дауларды қарастырады.
1.3 Төрелікте қызметті ұйымдастыру және дауларды шешу тәртібі осы Регламентпен анықталған.
1.4 Кәмелетке толмағандардың, заңда белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдардың мүддесін қозғайтын даулар, оңалту және банкроттық туралы, табиғи монополиялар субъектiлерi мен олардың тұтынушылары арасындағы, мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің арасындағы даулар төреліктің қарауына жатпайды.
1.5 Төрелік мүліктікпен байланысты емес жеке мүліктік емес қатынастардан туындайтын дауларды қарастыруға құқылы емес.
1.6 Төрелік бір жағынан Қазақстан Республикасының жеке және (немесе) заңды тұлғалары және екінші жағынан мемлекеттiк органдар, мемлекеттік кәсiпорындар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар арасындағы дауларды тиісті саланың уәкілетті органының (республикалық мүлікке қатысты) немесе жергілікті атқарушы органның (коммуналдық мүлікке қатысты) келісімі болмаған жағдайда қарауға құқылы емес.
1.7 Төрелік келісім жасауға ниеттенген мемлекеттік органдар, мемлекеттiк кәсiпорындар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар тиісті саланың уәкілетті органына (республикалық мүлікке қатысты) немесе жергілікті атқарушы органға (коммуналдық мүлікке қатысты) төрелік талқылауға жұмсалатын шығыстардың болжамды сомаларын көрсетіп, осындай келісім жасауға келісім беру туралы сұрау салу жолдауға тиіс. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган күнтізбелік он бес күн ішінде сұрау салуды қарауға және келісу немесе келісім беруден уәжді бас тарту туралы жазбаша хабарлама жолдауға міндетті. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган сұрау салуды қараған кезде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі мен мүдделерін ескеруге тиіс.
2-бап. 2-бап. Осы Регламентте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2.1-бап. Осы Регламентте келесі ұғымдар пайдаланылады:
1) төрелік келісім – азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған немесе туындауы мүмкін дауды төрелікте қарауға беру туралы тараптардың жазбаша келісімі;
2) төрелік – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құрылған тұрақты жұмыс істейтін төрелік;
3) төрелік талқылау – төрелікте дауды қарау процесі және төрешінің шешім қабылдауы;
4) төрелік талқылаудың тараптары -араларында төрелік келісім жасалған талап қоюшы мен жауапкер;
5) төреші – дауды шешу үшін тараптар сайлаған немесе осы Заңға және (немесе) Қарағанды Төрелік Сотының регламентіне сәйкес, «Төрелік туралы» Заңының нормаларына сәйкес дауларды шешу үшін тағайындалған жеке тұлға;
6) төрелік шешім – төрелік шығарған шешім;
7) Қарағанды Төрелік Сотының регламенті – тұрақты жұмыс істейтін төреліктің қызметін ұйымдастыру тәртібі және төрелік талқылау қағидалары;
8) іскерлік айналымның дағдылары – қандай да бір құжатта тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан қолданылатын құқыққа қайшы келмейтін, азаматтық-құқықтық шарттар саласында қалыптасқан және кеңінен қолданылатын ұстаным қағидалары.
3-бап. Төрелік талқылау принциптері.
3.1 Қарағанды Төрелік Сотында төрелік талқылау келесі принциптерді сақтаумен жүзеге асырылады:
1) туындаған немесе туындауы мүмкін дау бойынша төрелік талқылауды жүзеге асырудың тәртібі мен шарттары мәселелерін тараптар өздерінің арасында алдын ала келісім бойынша дербес шешу құқығына ие екендігін білдіретін тараптар еркінің дербестігі;
2) төрешілер мен төреліктер өздерінің шешімдерінде құқық тараптарының келісімі бойынша Конституция нормаларын, Қазақстан Республикасы бекіткен Заңдарды және нормативтік-құқықтық актілерді, және Халықаралық шарттарды ғана басшылыққа алатынын білдіретін заңдылық;
3) өздеріне берілген дауларды шешу кезінде төрешілер мен төреліктердің тәуелсіздігін, оларға қандай да бір ықпал жасауды болдырмайтын жағдайларда шешім қабылдайтынын білдіретін тәуелсіздік;
4) тараптар төрелік талқылауда өз ұстанымын, оны қорғау тәсілдері мен құралдарын дербес және кімнен болса да тәуелсіз таңдайтынын, сондай-ақ тең құқықтарды пайдаланатынын және тең міндеттерді көтеретінін білдіретін тараптардың жарыспалылығы және тең құқықтылығы;
5) өздеріне берілген дауларды шешу кезінде төрешілер мен төреліктердің және төрелік талқылау тараптарының белгіленген талаптарды, қоғамның имандылық қағидаттарын және іскерлік әдеп қағидаларын сақтай отырып, адал әрекет етуге тиіс екендігін білдіретін әділеттілік;
6) төрешілердің және төрелік талқылауға қатысушылардың төрелік талқылау барысында өздеріне белгілі болған мәліметтерді тараптардың немесе олардың құқық мирасқорларының келісімінсіз жария етуге құқылы еместігін және азаматтың ақпаратты тиісті органға хабарлау міндеттемесі заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, төрелік талқылау барысында өздеріне белгілі болған мәліметтер туралы куә ретінде олардан жауап алуға болмайтындығын білдіретін құпиялылық.
4-бап. Төрелікке рұқсат беруге дауды тапсыру туралы келісім (Төрелік келісім)
4.1 Төрелiк келiсiм – Тараптардың туындаған немесе туындауы мүмкiн дауды төрелiктiң қарауына беру туралы шарттың/келісім-шарттың жазбаша келiсiмi, бұл шартта/келісім-шартта төрелiк ескертпе түрiнде немесе субъектiлерді және олардың ерiк бiлдiруiнiң мазмұнын айқындайтын хаттар, жеделхаттар, телефонограммалар, телетайпограммалар, факстар, электрондық құжаттар немесе өзге де құжаттар алмасу арқылы жасалуы мүмкiн.
4.2 Төрелікке ақарауға дауды беру туралы келісімді Тараптардың бекітіуі Тараптардың талап арызды беру сәтінде қолданылатын осы Регламентпен, оның толықтыруларымен және өзгертулерімен келісуін білдіреді.
4.3 Төрелік келісімде қамтылуы тиіс:
а) тараптардың дауларды Төрелікке беру туралы ниеті;
б) Төрелік қарауға жататын нысананы көрсету;
г) Осы Регламенттің 4-бабының 10-тармағымен көзделген жағдайда тиісті саланың немесе жергілікті атқару органының уәкілетті органының келісімі
4.4 Төрелік келісімнің қосымша жағдайлары Тараптардың келісімімен айқындалуы мүмкін.
4.5 Төрелікке жалпы юрисдикциядағы сотта қарауда тұрған дауды беру туралы Тараптардың келісімі көрсетілген сотпен дау бойынша шешім қабылдауға дейін жасалуы мүмкін.
4.6 Төрелікке қарауға дауды беру туралы келісім, сондай-ақ, талапкермен Төрелікке талап арыз берілген, ал жауапкермен осы даудың Төрелікте қаралуына қарсылығы жоқ талап арызды қайтарып алу ұсынылған жағдайда жасалған болып саналады.
4.7 Шарттың Тараптарың бірі (даудың нысанасы болып табылатын) үшінші тұлғаға талап қою құқығын берген жағдайда, төрелік талқылау туралы келісім (төрелік ескертпе) күшін сақтайды және шарттық міндеттемелерде жаңа тұлғалар арасында жасалған болып саналады.
4.8 Төреші(Төрелік) өзіне шешуге берілген дауды қарауға өкiлеттiктepi (юрисдикциясы) бар немесе жоқ екендiгi туралы мәселенi, оның iшiнде Тараптардың бiрi төрелiк шарт/келiсiм-шарт жарамсыз деген себеппен төрелiк талқылауға қарсылық бiлдiрген жағдайда дербес шешедi.
5-бап. Осы Регламентке сүйену құқығынан бас тарту
5.1 Заңның қандайда бір ережесін немесе төрелік келісімнің талабы сақталмағанын білетін, бірақ сонда да осындай бұзушылық анықталу сәтінен бастап 5 (бес) күн ішінде қарсылықтарды білдірмей, төрелік талқылауға қатысуды жалғастыратын кез келген Тарап қарсылыққа өзінің құқығынан баст тартқан болып саналады.
6-бап. Төрелік талқылау тілі
6.1 Тараптар төрелік талқылау барысында пайданылатын тiл немесе тiлдер туралы өз қалаулары бойынша уағдаласуы мүмкін. Мұндай уағдаластық болмағанда төрелік талқылау тілі төрелікке талап арыз қай тілде берілуіне байланысты не болмаса төрелік келісімінің тілінде төреліктің ұйғарымымен белгіленеді.
6.2 Егер істі қарауға дайындау барысында төрелікте өкілі талап арыз берген тілді талап қоюшының меңгермегені анықталса, онда талап қоюшының жазбаша өтінішхаты бойынша Төрелік талқылаудың тілін өзгерту туралы ұйғарым шығарады. Төрелiк талқылау жүргiзiлiп отырған тiлдi меңгермеген iске қатысушы адамдарға аудармашы арқылы iс материалдарымен танысу, төрелік талқылауға қатысу құқығы, төрелікте ана тiлiнде сөйлеу құқығы қамтамасыз етiледi. Бұл ретте тарап аудармашының төрелік талқылауға қатысуын дербес қамтамасыз етеді. Құжаттар мен өзге де материалдарды төрелік талқылау тiлiнде (тiлдерiнде) ұсынбаған тарап олардың аудармасын қамтамасыз етедi.
7-бап. Істің қаралу мерзімі
7.1 Істерді төрелік талқылауға дайындау арыз қабылданған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. Аса күрделі істер бойынша ерекше жағдайларда бұл мерзім төрешінің дәлелді ұйғарымы бойынша бір айға дейін ұзартылуы мүмкін.
7.2 Төрелік іс бойынша талқылау мерзімі төрелік талқылауға істі дайындау күнінен бастап екі айдан артпайтындай барлық шараларды қолданады. Көрсетілген мерзім істің күрделілігінен шыға отырып, Төрелікпен ұзартылуы мүмкін.
7.3 Егер Төрелік негізсіз төрелік талқылауды бөгесе, Тараптар ондан бас тарту және жаңа Төрешіні тағайындау туралы жәрдемдесу құқығына ие болады.
8-бап. Құжаттарды ұсыну тәртібі
- Төрелік өндірісті қозғау және жүзеге асыруға қатысты барлық құжаттар тараптармен әр Тарап пен Төрелікте бір данадан болатындай даналар көлемінде ұсынылуы керек.
- Құжаттар, әдеттегідей түпнұсқада ұсынылады. Егер құжаттың көшірмесі ұсынылған болса, төреліктің құрамы, қажет жағдайда, түпнұсқаны ұсынуды талап етуге құқылы.
- Құжаттар, жазбаша дәлелдерді қоспағанда, төрелік талқылау тілінде ұсынылады. Төреліктің құрамы өзінің қарауы бойынша немесе тараптардың бірінің өтініші бойынша басқа тараптан қазақ тіліне немесе орыс тіліне ұсынылған құжаттарын аударуды не болмаса оның есебінен осындай аударманы қамтамасыз етуді талап етуі мүмкін.
9-бап. Құжаттарды жолдау және қолға тапсыру. Төрелік істерді сақтау
9.1. Төрелік Тараптарға іс бойынша барлық құжаттарды жолдайды немесе қолына тапсырады.
9.2. Құжаттар Тараптар көрсеткен мекен-жайлар бойынша жолданады. Тараптар Тқрелікке бұрын көрсетілген мекен-жайлардың өзгеруі туралы шұғыл хабарлауға міндетті.
9.3 Талап арыздар, талап арыздарды қайтарып алулар, хабарламалар, төрелік шешімддер, және ұй,арымдар мәлімдемесі бар тапсырыс хат арқылы жолданады, не болмаса өзге тіркелген түрде жеткізіледі, соның ішінде қолхатпен жеке тапсырылады немесе қолына беріледі.
9.4 Егер Тараптар өзге туралы келіспеген болса:
1) кез келген жазбаша хабарлама, егер ол Тарапқа немесе Тарапқа тиесілі коммерциялық кәсіпорынға тұрақты мекен жайы немесе пошталық мекен-жайы бойынша жеке жеткізілген болса, алынған болып саналады. Мұндайларды ақылға қонымды анықтама жүргізу арқылы анықтау мүмкін болмаса, егер ол коммерциялық кәсіпорынның соңғы белгiлi тұратын жерiне, Тараптың тұрақты мекен-жайына немесе пошталық мекен-жайына тапсырыс хатпен немесе осы хабарламаны жеткiзу әрекетiн тiркеудi көздейтiн өзге де түрде жiберiлсе, жазбаша хабарлама алынды деп есептеледi;
2) жазбаша хабарлама осындай жеткiзiлген күнi алынды деп есептеледi.
9.5 Шешім шығарылғаннан немесе дау бойынша талқылау тоқтатылғаннан кейін іс Төрелікке сақтау үшін тапсырылады.
10-бап. Мерзімдерді есептеу.
10.1 Осы Регламент бойынша мерзімдерді есептеу мақсатында мерзімнің өтуі хабарлама, мәлімдеме, хат немесе ұсыныс алынғаннан кейінгі күннен басталады. Егер мерзімнің соңғы күні ресми мерекелік күнге немесе адресаттың тұрғылықты жердегі немесе коммерциялық кәсіпорынның орналасқан жерінде жұмыс емес күнге түссе, мерзім жақын жұмыс күніне дейін ұзартылады. Мерзімнің ішінде орны бар ресми мерекелер немесе жұмыс емес күндер оны есептеу кезінде алып тасталмайды.
11-бап. Төреліктің құрылымы
11.1 Төрелік Төрағадан және Төрешілердің Тізіліміне сәйкес төрешілерден тұрады.
11.2 Төреліктің төрағасы келесі функцияларды жүзеге асырады:
1) Төреліктің қызметі туралы ақпарат алуды тілейтін заңды және жеке тұлғалардың өкілдерін қабылдауды жүзеге асырады;
2) Төреліктермен шығарылған шешімдердің көшірмелерін бекітеді;
3) Төреші ретінде істі қарастырады;
4) Төрешілер Тізілімінен Төрешіні тағайындайды;
5) Төреліктің қызметімен байланысты өзге іс-шараларды жүзеге асырады.
11.3 Төреліктің төрағасы жоқ болғанда, оның функцияларын Төрешілер Тізілімінен Төреші төағасының өкімімен орындайды.
11.4 Төреліктің орналасқан орны және мәжілістерді өткізу орны Қарағанды болып табылады.
11.5. Қалауы бойынша Тараптар мәжілістерді откізудің өзге орнын анықтай алады. Мұндай жағдайда Қарағанды қаласынан тыс жиналыстарды өткізумен байланысты туындаған барлық қосымша шығындар дауласатын тараптарға жүктеледі. Төрелік Тараптардан осы шығындарды өтеудің тиісті кепілін алдын ала ұсынуды талап етуі мүмкін. Тараптар Төреліктің осындай талабын орындамайтын болса, онда төрелік талқылау Қарағанды қаласында жүргізіледі.
12-бап. Құпиялылық
12.1 Төреліктің төрағасы, Төрешілер, Тараптар және талқылауға қатысушы шақырылған тұлғалар шешілетін дау туралы ақпараттың құпиялылығын сақтауға міндетті.
12.2 Тараптардың келісімімен ғана мәжілісте процеске қатыспайтын тұлғалар қатысуы мүмкін.
ТӨРЕЛІК ӨНДІРІС
13-бап. Талап арызды тіркеу
13.1 Талап арыз Төрелікте Төреліктің хатшысымен тіркеледі және Төреліктің Төрағасымен тағайындалған Төрешіге 3 жұмыс күні ішінде зерделеу және төрелік талқылауға дайындау үшін тапсырылады.
13.2 Талап бірнеше талапкермен бірге немесе бірнеше жауапкерлерге қойылуы мүмкін (іске қатысушылық). Талап арыздың көшірмесі жауапкерге тапсырылады. Талапкерлердің немесе жауапкерлердің әрқайсысы іске өз бетімен сөз сөйлейді немесе істің жүргізілуін қатысушылардың біріне сенімхат негізінде тапсырады.
14-бап. Талап арыздың мазмұны
14.1 Төрелікке талап арыз жазбаша түрде ұсынылады.
14.2 Талап арызда келесілер көрсетілуі керек:
1) Төреліктің атауы;
2) талап арыздың берiлген күнi;
3) тараптардың атауы, олардың пошта мекен-жайы және банк деректемелерi;
4) төрелікке жүгiну негiздемесi;
5) талап қоюшының талаптары;
6) талап қоюшы өзiнiң талаптарын негiздеген мән-жайлар;
7) талап қою талаптарының негiздерiн растайтын дәлелдемелер;
8) егер талап қою бағалануға жатса, талап қоюдың бағасы;
9) өндірілетін немесе таласты соманы есептеу, тұрақсыздық айыбы бойынша есептеу.
14.3 Талап арызға талап қоюшы немесе сенiмхаттың немесе өкiлдiң өкiлеттiгiн куәландыратын өзге құжаттың түпнұсқасы қоса берiле отырып, оның өкiлi қол қоюға тиiс.
15-бап. Талап арызға қойылатын құжаттар
15.1 Талап арызға қоса ұсынылады:
1) төрелік жарнаның төленгенін растайтын құжат; (түпнұсқа);
2) жауапкерге немесе оның өкіліне, сонымен қатар үшінші тұлғаларға талап арыздың көшірмелерін жолдануын растайтын құжат;
3) өкілдің өкілеттіктерін куәландыратын сенімхат немесе өзге бекітілген құжат;
4) талапкер өзінің талаптарын негіздейтін жағдайларды растайтын құжаттар және өзге материалдар;
5) талапкердің мерзімін ұзарту, бөліп төлеу және шығындарды төлеуден, соның ішінде салымнан босату, немесе олардың мөлшерін азайту, талапты қамтамасыз ету, дәлелдерді талап ету туралы қолдаухаттары және егер олар талап арызда баяндамлаған болса, басқа қолдаухаттар.
6) жарғының, куәліктің немесе мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі, егер талап арыз заңды тұлғамен ұсынылған болса, атқарушы органды тағайындау туралы шешім;
7) дауды төрелік талқылауға беру туралы келісім бар құжат.
15.2 Сот талқылауы барысында Тараптар Төрешінің/Төреліктің талап етуі бойынша шолуға және/немесе зерттеуге көшірмелерде талап арызға қоса берілген құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады.
15.3Егер Тараптар өзге туралы келіспеген болса, онда барлық құжаттардың, материалдардың көшірмелері және Төрелікке Тараптардың бірімен ұсынылатын ақпарат Төрелікпен басқа тарапқа Төрелікке келіп түсу күнінен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде тапсырылуы керек. Сараптамалық қорытындылар Төрелікпен басқа Тарапқа төрелік талқылаудың ағымдағы кезеңінің бастаулына дейін танысу үшін ұсынылуы керек. Құжаттардың, материалдардың және ақпараттың көшірмелерін тапсыру тәртібі осы Регламенттің 9.2-9.4 бб. және 27-баптарымен бекітілген талаптарды ескерумен анықталады.
16-бап. Талап арыздың құны
16.1 Талап арыздың құны анықталады:
1) ақшалай сомаларды өндіру туралы талаптарда – өндіріп алынатын сомамен;
2) мүлікті талап ету туралы талап – талап етілетін мүліктің құнымен;
3) кепіл нысанасына өндіріп алуға жүгіну туралы талаптарда – кепіл нысанасының құнымен;
4) талас әрекеттілігі немесе әрекетсіздігі туралы талаптарда – талас әрекеттілігі немесе әрекетсіздігіне тәуелді талапкердің мүліктік мүдделері туралы бар деректерден шыға отырып анықталатын сомамен;
16.2 Бірнеше талаптардан тұратын талап арыздарда әр талаптың құны жеке анықталуы керек, ал талап арыздың құны барлық талаптардың жалпы сомасымен анықталады. Егер талапкер талаптың құнын анықтамаған немесе дұрыс анықтамаған болса, Төрелік өз бастамасы бойынша бар деректердің негізінде талап арыздың құнын анықтауы мүмкін. Əр келісім-шарт (шарт) бойынша талап жеке ұсынылды.
17-бап. Төрелік талқылау бойынша шығындар.
17.1 Ұсынылған әр талап бойынша талапкер әкімшілік шығындардан және төрешілердің гонорарынан тұратын төрелік алымдарды төлеуге міндетті. Төрелік алымның төлемін растайтын құжат түпнұсқадағы талап арызға ұсынылады.
17.2. Төреліктің төрағасы талап арызға ұсынылған талапкердің қолдаухаты бойынша, маңызды негіздердің (1-2 тобындағы мүгедектік, әскери операцияларға қатысу, емделмейтін сырқат, асырауында кемінде бес кәмелетке жасы толмаған баланың болуы және т.с.с) болуы кезінде оны төрелік алымды төлеуден босатуға, төрелік алымның мөлшерін азайтуға, не болмаса мерзімін ұзартуға немесе төрелік алымның төлемін бөліп төлетуге құқылы. Заңды тұлға болып табылатын талапкердің дәлелді қолдаухаты бойынша Төреліктің төрағасы төрелік салымның мөлшерін азайтуға, не болмаса төлемнің мерзімін ұзартуды немесе бөлім төлеуді ұсынуға құқылы.
17.3. Төрелік салымның мөлшері, оны төлеу және бөлу тәртібі, сонымен қатар төрелік талқылау бойынша басқа шығындарды өтеу тәртібі осы Регламентке, оның ажырамас бөлігі болып табылатын №1 қосымшамен белгіленеді.
18-бап. Талап арызды қайтарып алу
18.1. Төреші/Төрелік талап арызды тіркеу сәтінен бастап 5 жұмыс күні ішінде талап арызды қайтарады, егер:
1) тараптардың арасында төрелік келісім жоқ болса;
2) талап қою төрелік келiсiмде көзделмеген төрелікке берiлсе;
3) талап қоюдың нысанасы төрелік келiсiмнiң шеңберiнен тыс болса;
4) төрелік келісімнің қатысушылары болып табылмайтын үшінші тұлғалардың мүдделерін қозғаса;
5) талап арызға қол қоюға өкiлеттiктерi жоқ адам қол қойса;
6) талап қоюшы талап арызды қайтарып алу туралы өтініш берсе;
7) осы немесе басқа төреліктің іс жүргізуінде сол тараптар арасындағы сол нысана туралы және сол негіздер бойынша дау жөнінде іс бар болса.
18.2. Талап арыз қайтарылған кезде Төреші/Төрелік дәлелді ұйғарым шығарады.
18.3. Арыздың қайтарылуы талап қоюшының сол жауапкерге сол нысана туралы және сол негіздер бойынша талап қойып, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, Төреліктің регламентінде немесе тараптардың келісімінде белгіленген талаптарды сақтай отырып, төрелікке қайтадан жүгінуіне кедергі келтірмейді.
19-бап. Талап арызды іс-қимылсыз қалдыру
19.1. Талап арыздың және оған қоса ұсынылған құжаттардың Регламенттің талаптарына сәйкес келмеген жағдайында Төреші талап арызды тіркеу күніне бастап 5 жұмыс күні ішінде кемшіліктерді көрсеткен және оларды жою мерзімін белгілеген талап арызды іс-қимылсыз қалдыру туралы ұйығарымды шығарады. Талап арызды тастағаны туралы анықтама әрекетсіз талапкерге осы Регламенттің 9-бабының талаптарын сақтаумен жолданады және тапсырылады.
Кемшшіліктерді жою мерззімі, әдеттегідей, Талапкердің көрсетілген ұсынысты алу күнінен бастап 15 (он бес) күннен аспауы керек. Жоғарыда көрсетілген кемшіліктерді жоюға дейін іс қозғалыссыз қалады. 19.2 Талапкер талап арыздың кемшіліктерін жою туралы ұсынысқа қарамастан, оларды жоймайтын және істің талқылануын талап еткен жағдайда, төрелік іс бойынша шешімді немесе талқылауды тоқтату туралы анықтаманы шығарады;
19.3. Егер талапкер белгіленген мерзімде анықтамада аталған талаптарды орындаса, Төрелік іс бойынша өндірісті қозғау туралы анықтаманы ұсынады. Мұндай жағдайда талап арыз оның Төрелікке қайта түскен күні берілген болып саналады.
20 бап. Іс бойынша іс қозғау. Төрелік талқылауды бастау. Төрелік талқылауды жүргізу ережелері.
20.1. Егер Талапкермен талап арыз беруге Регламентпен ұсынылатын барлық талаптар сақталса, Төреші, талап арызды қабылдай отырып, оны тіркеген сәттен бастап немесе оның кемшіліктерін жойғаннан кейін талап арызды қайтадан алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күнінің ішінде Регламентке сәйкес төрелік талқылауды қозғау туралы анықтама шығарады, онда Тараптарға төрелік талқылаудың күні, уақыты және өткізілу орны, сонымен қатар тағайындалған төреші туралы хабарлама береді (егер Тараптармен өзге келісілмесе). Төреші бір уақтылы Жауапкерге талап арызға жазбаша пікір (қарсылықты) анықтамасын және өзінің пікірінің (қарсылығының) негіздемесіне дәлелді алған сәттен бастап күнтізбелік он бес күннен кеш емес мерзімде тапсыруды ұсынады.
20.2. Жауапкермен пікірді (қарсылықты) ұсынбау дауды қарау үшін кедергі болып қызмет ете алмайды.
20.3. Қарағанды Төрелік Сотындағы тұрақты әрекеттегі Төрелік талқылау, Төрешімен талап етілген Тараптармен ұсынылған құжаттар мен дәлелдер негізінде, істі ауызша тыңдау өткізусіз, жүзеге асыралады. Егер Тараптармен төрелік келісімде (төрелік ескертпеде) өзгедей көзделсе немесе Тараптардың кез келгенімен істің ауызша тыңдауын жүргізу туралы өтінішхат мәлімденсе, Төреші осындай өтінішхат келген төрелік талдау кезеңінен бастап ауызша талқылау жүргізуі тиіс.
20.4 Төрелік талқылау ережелері ҚР «Төрелік сот туралы» Заң талаптарына сәйкес әзірленеді және Төрелік сот Төрағасымен бекітіледі және осы Регламенттің (№___ қосымша) ажырамас бөлігі болып саналады
21 бап. Қарсы талап қою және қарсы талаптарды есепке алу
21.1. Қарсы талаптың талап қоюшының талаптарымен өзара байланысы болған жағдайларда, сондай-ақ төрелiктiң қарсы талап қоюды төрелiк келiсiмге сәйкес қарауы мүмкiн болатын жағдайларда жауапкер талап қоюшыға қарсы талап қоюға құқылы төрелік келісімде).
21.2. Қарсы талап төрелік талқылау барысында Төрешімен нақты шешім қабылданғанға дейін ұсынылуы мүмкін.
21.3. Қарсы талапты ұсынуға да, бастапқы талап қоюды беруге қолданылатын ережелер, атап айтқанда қарсы талап Регламенттік 13-17 баптарының талаптарын қанағаттандыруы тиіс. Іске қабылдау, қозғалыссыз қалдыру, қарсы талапты қайтару туралы мәселе Төрешімен шешіледі. Төрелік талқылау барысында қарсы талап беру Төрелік сот құрамында өзгеріске алып келмейді.
21.4. Төрелік сот қарсы талап арызды мақсатқа сай емес ден тануға және қайтару жолымен оның қабылдануынан бас тартуға құқылы. Мұндай жағдайда талап арыз Төрелік сотқа әдеттегі тәртіппен берілуі мүмкін.
22 бап. Төреші
22.1 Iстiң нәтижесiне тiкелей немесе жанама түрде мүдделi емес, тараптардан тәуелсiз болып табылатын және төрешiнiң мiндеттерiн атқаруға келiсiм берген, жасы отызға толған, жоғары бiлiмi мен мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар жеке тұлға төрешi болып тағайындалуы мүмкін.
22.2. Дауды жеке-дара шешетін төрешіде жоғары заңгерлік білім және заңгерлік мамандығы бойынша бес жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы тиіс.
Дауды алқалық шешу жағдайында Төрелік сот құрамының Төрағасында жоғары заңгерлік білімі болуы тиіс.
22.3. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен сайланған немесе тағайындалған судья;
2) Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi деп таныған;
3) соттылығы алынбаған немесе өтелмеген не қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айып тағылған адам;
4) мемлекеттiк қызметшi, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты, өз қызметiн мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ақысы төленетiн тұрақты немесе жұмыстан босатылған негiзде жүзеге асыратын мәслихат депутаты және әскери қызметшi болып табылатын адам төрешi бола алмайды.
23 бап. Төрелік сот құрамын құру
23.1 Тұрақты әрекеттегі Төрелік сотта Қазақстан Рсепубликасының 08.04.16ж. «Төрелік сот туралы» Заңы 3 б. 14 т. сәйкес Төрелік сот құрамын құру осы Регламентпен бекітілген тәртіпте, ҚР Төрелік сот Палатасына ұсынуды жолдаумен Төрелік сот Төрағасының қолдаухаты негізінде «Қарағанды Төрелік соты» ЖШС Директорының бұйрығымен Төрешілерді сайлау жолымен жүргізіледі.
23.2. Тұрақты әрекеттегі Қарағанды Төрелік соты (Төрелік сот) Төрешілер тізілімін жүргізеді. Тұрақты әрекетті Төрелік сот туралы, оның ішінде заңды мекен-жайын және Регламенті, сонымен қатар Төрешілер Тізілімін қоса, ақпарат www.kasud.kz. адресі бойынша «Қарағанды Төрелік соты» ЖШС интернет-ресурсында орналастырылады. Бау Тараптарының келісімі бар болған кезде www.kasud.kz. адресі бойынша «Қарағанды Төрелік соты» ЖШС интернет-ресурсында Төрелік соттың шешімдері туралы ақпарат орналастырлуы мүмкін.
23.3. Төрелік соттағы барлық даулар Төрелік сот Төрағасымен тағайындалған Төрешімен жеке-дара қаралады.
23.4 Тараптар дауды алқалы түрде қарау туралы жазбаша түрде өтініш беруге құқылы. Бұл ретте Тараптар қосымша тартылған төрешiлердің гонорарының төлемімен байланысты Төрелік сот алымының ұлғаюына жазбаша түрдке келісімін растайды және қабылдайды. Тараптардың өтінішхаты бойынша дауды алқалы қараған жағдайда алқа құрамы тақ санды болуы тиіс. Егер Тараптар дауды алқалы қарауға өтініш білдірсе, онда Төрелік сот құрамы Төрелік сот Төрағасымен жүзіге асырылады. Бұл ретте Тараптардың әрқайсысы Тізілім құрамына кіретін Төрешілер қатарынан кандидатураны дербес айқындауға құқылы. Тараптармен айқындалған төрешілер алқасын Төрелік сот Төрағасы басқарады.
23.5. Дауды жаңадан ашылған жағдайлар бойынша қайта қарау жағдайында, дау төрелік сот Төрағасымен тағайындалған үш Төрешіснің қарамымен қаралады.
24 бап. Тараптарға төрелік сот талқылауының басталуы туралы хабар беру
24.1 Төреші төрелік сот талқылауына істің дайындалуының аяқталуымен Тараптарға төрелік сот талқылауының жүргізу орны, күні мен уақыт туралы хабарлама жолдауды қамтамасыз етеді. Хабарлама жазбаша түрдеу, пошта байланысымен, хабарламасыз тапсырыстық хатпен немесе ұялы байланыспен электрондық хабарлама түрінде, стационар телефон нөміріне телфонограммамен жөнелтіледі. Тараптармен көрсетілген мекен-жайлар және телефон нөмірлері бойынша жолданған хабарламалар жөнелтілген сәттен бастап алынған, ал Тараптар тиісті хабардар етілген болып саналады. Мекен-жай немесе телефон өзгерген жағдайда, Тарап екінші Тарапқа ол туралы хабарлама беруге міндетті, ал Тараптар бірігіп дау туындағанға дейін шартқа/контрактіге сәйкес өзгертулер және сәйкес төрелік ескертпе (төрелік келісім) енгізуге немесе талап арызға қосымша түрінде ол туралы Төрешіні хабардар етуге міндетті.
24.2 Төрешінің хабарламасын қабылдауды қамтамсыз ету үшін телефонның тиісті жұмыс істеуін қамтамсыз ету үшін, сонымен қатар тапсырыстық хаттың жеткізу мекен-жайы бойынша нақты болуы және оны алу үшін пошта бөлімшесіне дер кезінде келу үшін жауапкершілік, егер тапсырыстық хаттың пошташымен жеткізілуі Тараптың уақытша болмауы кезінде орын алса, хабарлама бағытталған Тарапқа жүктеледі.
24.3 Шартқа/контрактіге (төрелік сот ескертпесі немесе келісім) Тараптардың деректемелерінде орын алған өзгерістерді енгізбеу, дер кезінде енгізбеу пошталық жөнелтулерді және электрондық поштаны қабылдау шарттарын қамтамасыз етпеу, Тарапты одан әрі Төрелік сот талқылауы қозғалысы кезінде тиісті емес деңгейдегі хабарламау туралы негіз ретінде Төрешінің/Төрелік соттың хабарламасын алмауға сілтеме жасау құқығанан айырады.
25 бап.Қамтамасыз ету шаралары және дәлелдер алу.
25.1 Егер Тараптар өзгедей келспесе, Төреші Тараптардың кез келгенінің өтініші бойынша, ол (Төрелік сот) қажет деп санайтын дауға қатысты талап арызды қамтамасыз ету бойынша мұндай шараларды қабылдау туралы билік ете алады, ол туралы сәйкес анықтама шығарады. Аталған анықтама негізінде Тарап төрелік талқылау уақытында талап арызды қамтамасыз ету туралы арызбен сотқа жүгінуге құқылы. Сотпен талап арызды қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдау төрелік сот келісімімен (ескерпесімен) сыйысымсыз болып саналмайды.
25.2 Төрелiкте қаралып жатқан талап қоюды қамтамасыз ету туралы өтiнiштi тарап сотқа төрелiк талқылау жүзеге асырылатын орны немесе оған қатысты қамтамасыз ету шаралары қолданылуы мүмкiн мүлiктiң тұрған жерi бойынша бередi.
25.3 Төрелiкте қаралып жатқан талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды тараптардың бiрiнiң өтiнiшi бойынша осы ұйғарымды шығарған сот жоюы мүмкiн. Талап қою талаптарын қанағаттандырудан бас тарту туралы төрелiк шешім соттың қамтамасыз ету шараларынан бас тартуына негіз болып табылады.
25.4 Төрелiк немесе төрелiктiң келiсiмiмен тарап сотқа дәлелдемелер алуға жәрдемдесу туралы өтiнiшпен жүгіне алады. Сот осы өтiнiштi ҚҚ АПЗ сәйкес қарайды.
26 бап. Құжаттарды ұсынбау немесе Төрелік сотқа Тараптың келмеуі
26.1 Құжаттарды және басқа да материалдарды ұсынбау, оның ішінде Төрелік сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті деңгейде хабарлама берілген Төрелік сот отырысына Тараптардың бірінің немес олардың өкілдерінің келмеуі төрелік талқылау үшін нақты ұсынылған материалдар мен дәлелдемелер негізінде Төрелік сотпен шешім шығару үшін кедергі болып сангалмайды, егер құжаттар және басқа да материалдарды ұсынбау немесе төрелік сот отырысына келмеу Төрелік сотпен дәлелсіз себепті деп танылса.
26.2 Тарап арызға қарсы жауапкермен қарсылықтарды ұсынбау талапкердің талаптарын мойындау болып қаралмайды.
27 бап. Тараптармен жазбаша хабарламалар алу
27.1 Егер тараптар өзге жөнінде уағдаласпаса:
1) егер кез келген жазбаша хабарлама адресаттың тұрақты тұрғылықты жерi немесе пошта мекенжайы бойынша оның жеке өзіне жеткiзiлсе, ол алынды деп есептеледi, мұндайларды ақылға қонымды анықтама жүргізу арқылы анықтау мүмкін болмаса, егер ол соңғы белгiлi тұратын жерiне тапсырыс хатпен тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хат, телефонограмма немесе жеделхат, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе элекрондық мекенжайы бойынша, сондай-ақ хабарлауды тiркеудi қамтамасыз ететiн өзге де байланыс құралдарын пайдалану арқылы жiберiлсе, жазбаша хабарлама алынды деп есептеледi;
2) жазбаша хабарлама осындай жеткiзiлген күнi алынды деп есептеледi.
28 бап. Тараптардың құқықтары
28.1 Төрелiк талқылауға қатысушы тараптардың:
1) iс материалдарымен танысуға және осы материалдардан көшiрмелер алуға;
2) дәлелдемелердi ұсынуға;
3) өтiнiш бiлдiруге, төрешiлерден бас тартуға;
4) процеске қатысушыларға сұрақтар қоюға, ауызша және жазбаша түсiнiктемелер беруге;
5) процесс барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерiн ұсынуға;
6) басқа тараптың өтiнiштерiне және дәлелдерiне қарсылық бiлдiруге;
7) төрелік отырыс хаттамасымен танысуға және ол бойынша жазбаша ескертулер беруге;
8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес сот алдында төреліктiң шешiмiн мәжбүрлеп орындату туралы өтiнiш беруге;
9) осы Заңда белгiленген жағдайларда төреліктiң шешiмiн бұзу туралы өтініш беруге;
10) істі бітімгершілік келісімімен немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқтауға құқығы бар.
29 бап. Тәртіпті қамтамасыз ету
29.1 Төрелік сотта дау жабық отырыста қаралады. Тараптар отырыста бекітілген тәртіпті сақтауға және Төрелік соттың төрағалық құрамының бұйрығына мүлтіксіз бағынуға міндетті.
30 бап. Төрешінің, сарапшының және аудармашының қарсылық білдіруі
30.1. Төрешінің турашылдығына немесе тәуелсіздігіне қатысты негізделген күмән туғызатын жағдайлар орын алса, атап айтқанда ол жеке немесе жанама түрде іске мүдделі деп болжанса, Тараптардың кез келген Төрешінің қарсылығы туралы арыздануға құқылы.
30.2 Уәжі қарсылық туралы Тараптың жазбаша өтініші Төрелік сот құрамы құрылғанын Тарап білгеннен соң немесе немесе қарсылық құрамын қалыптастыру туралы Тарап білгеннен кейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей берілуі тиіс.Көрсетілген мерзімнен кешіктіріп берілген қарсылық туралы арыз қарсылық туралы арыздың кідірісі дәлелді себептен екендігі дәлелденген жағдайда ғана қаралады.
30.3. Төрешінің қарсылығы туралы мәселе Төрешімен дара немесе Төрелік сот Төрағасымен анықталған құрамында үш Төреші бар төрағамен шешіледі.
30.4. Төреші сондай-ақ өзінің бастамашылығымен өзі қарсылығы туралы да арыздана алады.
30.5. Осы баптың 30.2 тармағында көрсетілген тіртіпте және негіздер бойынша талқылауға қатынасатын сарапшылар мен аудармашыларға қарсылық болуы мүмкін. Мұндай жағдайда қарсылық туралы мәселе Төрелік сот Төрағасымен шешіледі.
31 бап. Төреші өкілеттігінің тоқтатылуы
31.1. Егер Төреші өз міндеттемелерін заңды немесе нақты орындауға ауруы бойынша, қайтыс болуымен байланысты не дауды қарау бойынша өз өкілеттіктерінен бас тартуына байланысты өз міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіз болған жағдайда, оның өкілеттіктері Төрелік сот Төрағасымен тоқтатылуы мүмкін
31.2. Төрешінің уәкілеттіктері сондай-ақ оыс Регламенттің 30 бабымен көзделген жағдайларда да тоқтатылады.
31.3. Төрешінің уәкілеттігі нақты іс бойынша шешім қабылдағаннан кейін тоқтатылады. Қажет болса, Шешімнің түзетулері немесе түсіндірмелері, қосымша Шешім енгізу, Төрешінің өзге процестік әрекеттер жасауы жаңартылады, содан соң онымен қажетті процестік әрекеттер жасалғаннан кейін тоқтатылады.
- Төрелік құрамындағы өзгерістер
32.1. Егер Төреші шығарылған немесе басқадай себептермен төелік талқылауға қатынаса алмаса, басқа Төреші Төрелік сот Төрағасымен алмастырылатын Төрешіні тағайындау кезінде қолданылған ережелерге сәйкес тағайындалады.
32.2. Алмастыру тәртібімен тағайындалған Төреші іс бойынша қайта тыңдауды тағайындауға құқылы.
33 бап. Куәгерлер
33.1 Тараптар Төрелік сотты дер кезінде ескерте отырып, Төрелік сот отырысына куәгерлерді шақыруға құқылы. Мүдделі Тарап отырысқа куәгерлердің келуін дербес қамтамасыз етеді.
34 бап. Сараптама тағайындау және өткізу
34.1. Төреші өзінің бастамашылығымен немесе Тараптардың бірінің өтінішхаты бойынша арнайы тануларды қажет ететін мәселелерді шешу кезінде сараптама тағайындауы және Тараптардың кез келгенінен сараптама жүргізу үшін ақпарат, құжаттар, басқа да материалдар, қаттар және мүлікті ұсынуын талап етуі мүмкін.
34.2. Сарапшы немесе сарапшылар кандидатурасы, сонымен қатар олардың алдына қойылуға тиісті мәселелер Төрелік сотпен анықталады. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде берілуі тиіс.
34.3. Егер Тараптар сараптам жүргізу туралы Төрелік соттың бастамашылығына қарсылық білдірсе, сараптама өндірісіне қатынасудан жалтарса немесе оның жүргізілуін кедергі тудырса (сараптамаға келмесе; сарапшыларға зертеу үшін қажетті аақпаратты, материалдар мен мүмкіншілікті бермесе), Төрелік сот сараптаманың анықтау үшін фактін дәлелденген немесе теріске шығарып тануға құқылы, ол туралы сәйкес анықтама шығарады.
34.4. Тараптардлың кез келгенінің өтінішхаты немесе Төрелік соттың қарауы бойынша сарапшы Төрелік сот отырысына қатынасуы тиіс, онда Тараптарға және Төрелік сотқа сараптамалық қорытындыны ұсынғаннан кейін сараптаманы жүргізу мен сараптамалық қорытындыны ұсынумен байланысты сұрақтар қоюға мүмкіншілік беріледі.
35 бап. Төрелік талқылауды кейінге қалдыру және уақытша тоқтату
35.1 Тарапардың өтінішханы бойынша немесе Төреліктің бастамашылығымен төрелік талқылауы кеінге қалдырылуы немесе уақытша тоқтатылуы мүмкін. Істі тыңдауды кейінге қалдыру немесе төрелік талқылауды уақытша тқтату туралы ұйғарым енгізіледі.
36 бап. Бiтiмгершiлiк келiсiм және дауды медиация тәртібімен реттеу
- Егер тараптар дауды төрелiк талқылау барысында, оның ішінде Қазақстан Республикасының медиация туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, медиация тәртібімен реттесе, төрелiк талқылауды тоқтатады және тараптардың өтiнiшi бойынша бұл реттеудi келiсiлген шарттарда төрелiк шешім ретiнде тiркейдi.
- Келiсiлген шарттардағы төрелiк шешім Қазақстан Республикасының «Төрелік сот туралы» Заңның 45-бабының ережелерiне сәйкес шығарылуға тиiс. Мұндай шешім даудың мәнi бойынша шығарылған төрелiк шешiм сияқты да орындалуға тиiс.
37бап. Төрелiк талқылауды тоқтату
37.1 Төрелiк, егер:
1) жауапкер даудың мәнi бойынша шешiлуiне өзiнiң заңды мүддесiнiң болуына байланысты төрелiк талқылауды тоқтатуға қарсылығын мәлiмдемесе ғана, талап қоюшы өзiнiң талабынан бас тартқан және төрелiк бас тартуды қабылдаған;
2) төрелiктің қарауына берiлген дау оның құзыретiне жатпаған;
3) сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысанасы туралы және сол негiздер бойынша қабылданған заңды күшiне енген соттың шешімі немесе төрелiк шешiм болған;
4) тараптар төрелiк талқылауды тоқтату туралы келiсiмге келген;
5) төрелiк талқылау тарапы болып табылатын заңды тұлға таратылған;
6) төрелiк талқылаудың тарапы болып табылатын жеке тұлға қаза тапқан не ол қайтыс болды деп жарияланған не хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда, төрелiк талқылауды тоқтату туралы ұйғарым шығарады.
ТӨРЕЛІК СОТ ШЕШІМІ
38 бап. Төрелік шешімнің нысаны мен мазмұны
38.1. Төрелік келісім жазбаша нысанда жасалады және Төрешілердің (дара төрешінің) қолдары қойылады.
38.2 Төлеші/Төрелік сот істі ауызша жүргізу кезінде шешімнің қарар бөлігін Тараптарға айтып жеткізуге құқылы. Төрелік сот шеімі 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей толық күйде дайындалады, ол өтуімен шешімнің түпнұсқасы Тараптарға беріледі/жолданады.
38.2 Егер төрелік талқылау алқалы түрде жүзеге асырылса, қандай да Төрешінің қолы болмаған жағдайда, оның болмауының себебі көрсетіледі. Төрелік шешім төрелік шешімге қоса берілуі тиісті жазбаша түрдегі ерекше пікірі бар Төрешінің қолы қойылмауы мүмкін.
38.3. Төрелік шешімде:
1) шешімнің қабылданған күні;
2) «Төрелік сот туралы» Заңның 22-бабына сәйкес айқындалған төрелік талқылаудың орны;
3) төрелік құрамы;
4) төрелік құзыретінің негіздемесі;
5) дау тараптарының атауы, олардың өкілдерінің өкілеттіктері көрсетіле отырып, тектері, аты-жөндері, лауазымдары;
6) талап қоюшының талаптары және жауапкердің қарсылықтары;
7) даудың мәні;
8) төрелік анықтаған істің мән-жайлары, осы мән-жайлар туралы төреліктің тұжырымдары негiзделген дәлелдемелер, төрелік шешiм қабылдау кезiнде басшылыққа алған нормативтiк құқықтық актiлер;
9) әрбiр мәлiмделген талап арыз талабын қанағаттандыру немесе қанағаттандырудан бас тарту туралы төреліктің тұжырымдары;
10) төрелікте дауды шешуге байланысты шығыстардың сомасы, көрсетілген шығыстардың тараптар арасында бөлiнуi және қажет болған жағдайда қабылданған шешiмдi орындаудың мерзiмi мен тәртiбi көрсетiлуге тиiс.
39 бап. Төрелік шешiмдi түзету және түсiндiру.
Қосымша төрелік шешiм.
39.1. Төрелiк шешiмдi алғаннан кейiн күнтiзбелiк алпыс күн iшiнде:
1) тараптардың кез келгенi бұл туралы екiншi тарапты хабардар ете отырып, төрелiктен шешiмдегi есептеулерде жол берiлген кез келген қателердi, жаңылыс жазуларды немесе жаңсақ жазылымдарды не осындай сипаттағы өзге де қателердi түзетудi өтiнуi мүмкiн;
2) тараптардың кез келгенi бұл туралы екiншi тарапты хабардар ете отырып, төрелiктен қабылданған шешiмнiң қандай да бiр нақты тармағына немесе бөлiгiне түсiнiктеме берудi өтiнуi мүмкiн.
39.2 Қандай да тармақтың немесе қабылданған шешімнің бөлігін Төрелік сот өтiнiштi негiздi деп санаса, оны алғаннан кейiн, егер регламентте немесе тараптар келісімінде, күнтiзбелiк отыз күн iшiнде тиiстi түзетулер енгiзуге немесе түсiнiктеме беруге тиiс. Төрелiк шешiмге шығарылған түсiнiктеме төрелiк шешiмнiң ажырамас бөлiгі болып табылады.
39.3 Төрелiк шешiм шығарылған күннен бастап есептегенде күнтiзбелiк алпыс күн iшiнде төрелiк өз бастамасы бойынша (тараптарға тиісінше хабарлағаннан кейін) Төрелік шешімде кеткен есептеулердегі қателіктер, қате жазбалар немесе сондай сипаттағы қателерді түзете алады.
39.4. Егер, тараптар өзге жөнiнде уағдаласпаса, онда тараптардың кез келгенi бұл туралы екiншi тарапты хабардар ете отырып, төрелiктiң шешiмiн алғаннан кейiн төрелiк талқылау барысында мәлiмделген, алайда шешiмде көрiнiс таппаған талаптарға қатысты қосымша шешiм шығаруды күнтiзбелiк алпыс күн iшiнде төрелiктен өтiнуi мүмкiн. Егер төрелiк өтiнiштi негiздi деп санаса, оны алғаннан кейiн күнтiзбелiк алпыс күн iшiнде қосымша төрелiк шешiм шығаруы тиiс.
40 бап. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша төрелік шешімді қайта қарау
40.1. Төрелік шешiм төрелік келiсiм тараптарының бiрiнiң немесе құқықтары жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қозғалған өзге де тұлғаның арызы бойынша қайта қаралуы мүмкiн. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша төрелік шешiмдi қайта қарау негiздемелерi:
1) төрелік талқылау барысында өтінім берушіге белгілі болмаған және болуы мүмкін емес іс үшін елеулі жағдайлар;
2) сот қаулысымен күшіне енген куәгердің жалған берген айғақтары, сарапшының жалған қорытындысы, жалған аударма, құжаттар жалғандығы немесе заңсыз немесе негізделмеген шешім қабылдауға алып келген заттай дәлелдер;
3) сот қаулысымен күшіне енген тараптардың, іске қатысушы басқа тұлғалардың немесе олардың өкілдерінің анықталған қылмыстық әрекеттері немесе аталған істі қарау кезінде төрешінің жасалған қылмыстық әрекеті;
4) төрелік шешімді шағырау кезінде төрешімен қолданылған қолданылған заңды немесе басқа да нормативтік құқықтық актіні Қазақстан Республикасының конституциялық кеңесімен конституциялы емес деп тану.
40.2. Жаңадан ашылған жағдайлар боуынша төрелік шешімді қайта ақарау туралы өтініш шешімді шығарған Төрелік сотқа беріледі және қайта қарау үшін негіз болып сналған жағдайларды анықтаған күннен бастап үш айдың ішінде қаралады. Жаңадан ашылған жағдйлар бойынша іс қаралады және Төрелік сотпен бір айға дейінгі мерзімде шешіледі.
40.3 Бұрынғы құрамда шешімді шығарған Төрелік сот отырысында мүмкін емес болған кезде жаңадан ашылған жағдайлар бойынша шешімді қайта қарау туралы өтініш осы Регламентпен бекітілген тіртіпте құрылған Төрелік соттың жаңа құрамымен қаралады.
41 бап. Шешімді орындау
41.1.Төрелік сот шешімі Тараптармен шешімде бекітілген мерзімде ерікті түрде орындалады.
Егер шешімде орындау мерзімі көрсетілмесе, ол дерек орындауға жатқызылады.
- 2.РКөрсетілген мерзімде орындалмаған шешімдер Қазақстан Республикасының әрекеттегі азаматтық процесстік заңнамасыны сәйкес орындауға келтіріледі.
41.3 Төрелік сот шешімін мәжбүрлі орындау шешімді орындау сәтіндегі әрекеттегі орындаушылық өндірісі ережелері бойынша жүзеге асырылады.
41.4 Пайдасына Төрелік сот шешімі шығарылған Тарап орындау парағын беру туралы өтінішмен төрелік сот шешімін шығару орны бойынша жалпы юрисдикция сотына жүгінеді. Алған орындау парағы Өндірушімен орындау өндірісі туралы ҚР заңнамасымен көзделген тіртіпте мәжбүрлі орындауға ұсынылады. Шешімді мәжбүрлі орындаумен байланысты қосымша шығындар шешімді ерікті түрде орындамаған Тарапқа жүктеледі.